Орталық сайлау комиссиясы ADAL партиясының тізімін тіркеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауына «ADAL» партиясының партиялық тізімін тіркеу туралы қаулы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 89-бабына сәйкес, тіркеуге бір саяси партиядан оған саяси партиялар арасында бөлінетін депутаттық мандаттардың белгіленген санының 30 пайызынан аспайтын адамдар саны енгізілген бір ғана тізім жіберіледі. Партиялық тізімде әйелдер мен 29 жасқа толмаған адамдардың саны оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде 30 пайызын құрауға тиіс», - деді ҚР ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов.
Оның айтуынша, «ADAL» партиясының партиялық тізімінде 16 адам бар, оған бес әйел және 29 жасқа толмаған азаматтар енгізілген. Яғни бұл тізімге енгізілгендердің жалпы санының 31,2 пайызын құрайды. Орталық сайлау комиссиясы уәкілетті органдармен бірлесіп, Мәжіліс депутаты болып сайлану үшін партиялық тізімге енгізілген адамдардың Конституция мен «Сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізді.
«Партиялық тізімге енгізілген барлық адамдар Конституцияның және «Сайлау туралы» конституциялық заңның талаптарына сәйкес келеді», - деді ол.
Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясының мүшелері «2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауына «ADAL» партиясының партиялық тізімін тіркеу туралы» қаулы қабылдады.
- Депутат тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл заң жобасының редакциясын кері қайтаруды ұсынды
- Nur Otan партиясының аймақтық филиалдарында бірқатар ауыс-түйіс болды
- Қырғызстан: Садыр Жапаровтың ұлықтау рәсімі 28 қаңтарда өтеді
- Радиациялық апат кезінде ТМД елдері өзара көмекті жедел ұсынады
-
Халықаралық қаржы корпорациясының қазақстандық кеңсесінің орнықты жұмысына жағдай жасалды
-
Отандық көлік операторларының үлесін арттыруға арналған құжат қабылданды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам