Орталық музейде 21 ғылыми жоба жүзеге асырылып жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Орталық музейінде 13 жылдан бері 21 ғылыми-қолданбалы жоба жүзеге асырылып келеді. Бұл туралы Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі директорының орынбасары Ғалия Теміртон айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ғалия Теміртон 13 жылдан бері ҚР МОМ 21 ғылыми-қолданбалы жобаны жүзеге асырған айтты. Оның 15-і «Мәдени мұра» жобасы аясында ҚР БҒМ Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамасы нәтижесінде жоғары бағаланған. 

«2017 жылдан бастап музейдің ғылыми орталықтары 2017-2019 жылдарға арналған төрт ғылыми-қолданбалы жоба бойынша жұмыс атқаруда. Олар - «Қазақтың дәстүрлі өнері тарихи-этнографиялық дерек көздері ретінде. Монография-каталог», «Әбілхан Қастеевтің акварельдері тарихи-этнографиялық дерек көздері ретінде» (Қазақстан музейлері қорларының материалдары бойынша)», «Ортағасырлық Қазақстан (VI-XV ғғ.) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінің археологиялық коллекциясы. Ғылыми каталог», «Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: әлеуметтік-экономикалық, демографиялық және ұлттық-этникалық аспектілері»,- деді Ғалия Теміртон.

Сонымен қатар, 2017 жылы Қазақстан музейлері қорларының материалдары бойынша Әбілхан Қастеевтің бай мұрасын зерттеу қолға алынды.

Музейде «Әбілхан Қастеев акварельдері тарихи-этнографиялық дерек көздері ретінде. Ғылыми каталог» ғылыми-қолданбалы жоба жүзеге асып келеді.

«ҚР Мемлекеттік Орталық музей қорындағы Ә. Қастеевтің жеке кешені жүйеленіп, талданып, суретшінің 130 акварель шығармасының 35-і камералдық өңдеуден  өтіп, атрибуцияланды» - деді Ғ.Теміртон.

Айта кету керек, ҚР Орталық музейіне 2017 жылы 4000-нан астам адам келген.

Авторы: Арайлым Жолдыбаева


Фото: yandex.kz

Соңғы жаңалықтар