+7 (701) 759 90 19
USD 425.85 EUR 499.78
RUB 5.82 CNY 65.87
Jańalyqtar

Орталық меморган қызметкерлерінің жалақысы 2024 жылға дейін жыл сайын 30 пайызға өсіп отырады

2021 жылғы 10 шілде 12:14
Бөлісіңіз:
Орталық меморган қызметкерлерінің жалақысы 2024 жылға дейін жыл сайын 30 пайызға өсіп отырады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орталық мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін жалақы 2024 жылға дейін жыл сайын 30 пайызға көтеріліп отырады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мемқызметшілер қашықтан жұмыс істеуге қалай қарайды

«82 мың мемлекеттік қызметшінің айлығы көтерілетін болады. Осы жылдың 1 шілдесінен бастап, жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері үшін жалақы 1,9 есеге көтеріледі. 2020 жылдың 1 қаңтарына бастап орталық мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін жалақы 2024 жылға дейін жыл сайын 30 пайызға көтеріліп отырады», - деді Премьер-Министр Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Үкімет басшысының атап өтуінше, педагогтердің орташа жалақысы 253 мың теңгеге дейін, дәрігерлердің жалақысы 320 мың теңгеге дейін, әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы 180 мың теңгеге дейін, мемлекеттік қызметшілердің жалақысы 267мың теңгеге дейін артады.

«Еліміз бойынша орташа жалақы 2021 жылдың 6 айында 233 мың теңгені құрады», - деді Асқар Мамин.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT