Орталық Қазақстанда қар жауды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең Жезқазған мен Сәтпаев қалаларында қар жауды. Жергілікті тұрғындар табиғаттың тосын мінезін бейнежазбаға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Орталық Қазақстан тұрғындары қала көшелерінен алғашқы қарды көрді. Әдетте мұнда қар кешірек - қазан айының соңында, көбіне қарашада жауатын еді. Таңданған тұрғындар ауа-райы құбылысын видеоға түсіре бастады.

Далада қалың қар жауып тұр.

Еске сала кетейік, Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют, Есіл және Тайынша аудандарының тұрғындары бүгін таңертең тұрғанда терезелерінен айналаны қар басып қалғанын көрген болатын. 

Соңғы жаңалықтар