Орталық Азияны климаттық өзгерістерге бейімдеу стратегиясы әзірленіп жатыр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан «Орталық Азия климатының өзгеруіне бейміделудің өңірлік стратегиясын әзірлеуге қатысып жатыр. Бұл туралы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында мәлім етті, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жасыл Орталық Азия» бастамасының аясында Орталық Азия елдерінің өкілдерінен құралған жұмыс тобы «Орталық Азия климатының өзгеруіне бейімделудің өңірлік стратегиясын» әзірлеп жатыр. Өңірлік стратегияны әзірлеуге Қазақстан тарабының тартылуы экологиялық және климаттық сын-қатерлер жөнінде өңірлік саяси диалог қалыптастыруға мүмкіндік ашады», - делінген жауапта.

Құжат жобасы өңірдегі елдердің бәрі мақұлдап шығуы керек. Содан кейін ғана іске асыру басталады.

«Сондай-ақ, бұл Арал жағалауын тұтастай, оның ішінде Қазақстанға тиесілі бөлігін дамытып, экожүйесін сақтауға қолайлы жағдайы туғызады. Қазіргі таңда өңірлік стратегия жобасын мемлекеттік органдар деңгейінде мақұлдау жұмыстары жүріп жатыр. Орталық Азия елдері түгел мақұлдағаннан кейін оны іске асыру жопарланған», - деп жазады Үкімет басшысының бірінші орынбасары.


Соңғы жаңалықтар