Орталық Азияда көшбасшы мәртебесін сақтап қалуымыз қажет - депутат Әлтаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаев кезектен тыс президенттік сайлауға қатысты пікір білдірді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Депутат "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасында шетелдік инвесторлармен көп жұмыс істегенін атап өтті.

«Кәсіпкерлер де, инвесторлар да бір нәрсені ойлайды. Алдағы уақытта не болады? Президенттің орнына кім келеді? Қандай шешім қабылдайды? Қалай әрекет етеді? Бұндай сұрақтар жұмысты тежеп отырады. Сол себепті биыл маусым айында президенттік сайлауды өткізген дұрыс. Аталған шара көптеген сұрақтардың жауабын беріп, кәсіпкерлерге, инвесторларға, жалпы xалыққа алаңдамай жұмыс істеуге мүмкіндік береді", - деді Н.Әлтаев Қазақстандағы жастар ұйымдарының арнайы кеңесінде.

Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанды Орталық Азиядағы көшбасшы мемлекет ретінде жақсы біледі. Осы уақытқа дейін елімізде біраз реформалар жасалып, қыруар инвестициялар тартылды.

"Ендігі кезекте, осы көшбасшылықты, осы мәртебені сақтап қалу қажет. Сондықтан кезектен тыс президенттік сайлауды өткізу туралы шешім дер кезінде жасалып отыр", - деп атап көрсетті Н.Әлтаев.

Айта кетейік, кеше ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев xалыққа үндеу жолдап, кезектен тыс президенттік сайлауды өткізу туралы мәлімдеген болатын.

Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы кандидаттарды ұсыну мерзімін жариялады.

Ал сайлауалды үгіт-насиxат жұмыстары келесі айда басталады.

Соңғы жаңалықтар