Орталық Азияда ең үлкен мешіттің құрылысы басталды

None
None
АСТАНА. Қазанның 6-сы. ҚазАқпарат - Душанбеде Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің құрылысы басталды. Оның іргетасының алғашқы тасын Тәжікстанның президенті Эмомали Рахмон қалады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап.

 Мешітте бір мезгілде 150 мыңға дейін адам сәждеге бас қоя алатын болады. Құрылысқа 7,5 гектар жер бөлінді. Мешітке іргелес аумаққа ислам университетінің ғимараты салынады. Сонымен қатар, бұрқақтар, кітапханалар, мұражай және конференциялар өткізуге арналған арнайы залдар салу жоспарланған.

 Құрылысты Біріккен Араб Әмірлігінің «Аднан Сафарини» компаниясы жүргізеді. Нысан бес жылдан кейін пайдалануға берілмекші.

Соңғы жаңалықтар