Орталық Азияда алғашқы «гамма-нож» кешені іске қосылады

НҰРСҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Ұлттық нейрохирургия орталығы» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Серік Ақшолақовты қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кездесу барысында Қазақстан Президентіне Орталықтың соңғы 10 жылда атқарған жұмыстарының нәтижелері мен оны дамытудың келешегі жөнінде баяндалды.
Атап айтқанда, Серік Ақшолақов Қасым-Жомарт Тоқаевқа Орталықта микронейрохирургия, эндоваскулярлық, эндоскопиялық, функционалды нейрохирургия сияқты жаңа бағыттардың пайда болғаны туралы айтты.
Сонымен қатар ол мекеме базасында аса күрделі нейрохирургиялық оталар жасауға мүмкіндік беретін Орталық Азияда алғашқы «гамма-нож» кешенінің іске қосылатыны жөнінде хабарлады.
Мемлекет басшысы еліміздің барлық өңірін қамтуға тиіс жоғары білікті әрі қолжетімді медициналық көмек көрсетудің маңызды екенін атап өтті.
- Тоқаев «Қазақстан инжинирингке» жүргізілген аудит қорытындысы бойынша бірқатар тапсырма берді
- Президент Үкіметтің атаулы әлеуметтік көмекке қатысты есебін тыңдады
- Өскеменде көктайғақтан 130-дан астам адам зардап шекті
- Қазақстан киберқылмыспен күресте ТМД елдерімен ынтымақтасу жөніндегі келісімді ратификациялады
-
Елжан Біртанов дәрі-дәрмек сапасын тексеру жайында айтты
-
Түркістандықтарға медициналық қызметтерді тегін алу жолдары түсіндірілді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам