Орталық Азия жастары радикалды күштердің назарында – сарапшы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Орталық Азия-2030:Болашақтың келбеті» атты сарапшылар кездесуінде Өзбекстан Президенті жанындағы Стратегиялық және өңіраралық зерттеулер институтының директоры Элдор Арипов Орталық Азия жастарының рөлі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оталық Азия елдері 2030 жылға дейін қандай қатерлермен бетпе-бет келуі мүмкін деген тақырыпта әңгіме өрбіткен спикер өңір жастарын да қатердің бір көзі ретінде көретінін жасырмады.

«Орталық Азия – халқы жас аймақтардың бірі. Тұрғындардың 35 пайызға дейінгі үлесін жастар құрайды. Бұл жастар жұмыс орындарына, әлеуметтік сатыларға, жоғары білімге мұқтаж. Бұл жастар біздің ғана емес, Орталық Азия үкіметтерінің ғана емес, сондай-ақ түрлі деструктивті күштердің назарында екенін түсіну керек. Олар біздің жастарға радикалды құндылықтарды, радикалды идеяларды таңуға талпынуы мүмкін. Сондықтан Орталық Азия жастары үшін жүретін талас – болашақ үшін күрес деуге болады. Біз мұны да сезініп, ортақ күш-жігерімізді бұл мәселеге де шоғырландыруымыз керек. Сонда ғана бұл қатерді бірлесіп еңсере аламыз», - деді өзбекстандық сарапшысы.


Соңғы жаңалықтар