Орталық Азия мен бүкіл Азия аймағы үшін ҚР Президенті Н.Назарбаевтың сыртқы саяси бастамаларының маңызы өте жоғары - Түркия Президенті Әкімшілігінің жетекшісі Мұстафа Исен

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 17 наурыз. ҚазАқпарат - 12 наурыз күні Түркия Республикасы Ұлттық кітапханасының бас конференц залында «Қазақстан-Түркия: достық пен ынтымақтастықтың 20 жылы» кітабының тұсауы кесілді.

Түркиядағы Қазақстан елшілігі өткізкен шараға ҚР Парламент Сенатының әлеуметтік мәдени даму жөніндегі Комитет төрағасы А. Бижанов, ТР парламенттік қазақ-түрік тобының төрағасы Халюк Ипек, ТР Президенті Әкімшілігінің жетекшісі Мұстафа Исен, Х. А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Өкілетті кеңесінің төрағасы Осман Борат, ТР бұрынғы мәдениет министрі Намык Кемал Зейбек, жетекші ЖОО жетекшілері, ТР министрліктері мен ведомстволарының, академиялық және іскерлік орта өкілдері, мәдениет қайраткерлері, ҚР құрметті елшілері, ТР баспасөз өкілдері қатысты.

Тұсаукесер салтанатын ашқан ҚР Түркиядағы елшісі Ж. Түймебаев, ағайынды екі мемлекет пен халықтардың байланысы екі елдің жоғары саяси билігінің диалогы арқасында дамып отырғанын, дипломатиялық қарым қатынастың ҚР тәуелсіздігін жариялаған алғашқы күннен басталып, қазір өркендеп отырғанын атап өтті.

Тұсауы кесіліп отырған кітапта екіжақты байланыстардың барлық сатысы құжаттар, фотосуреттер, түсініктемелер мен баяндамалар арқылы берілген. Ол болашақ ұрпақ үшін тарихи бастау болып табылатыны сөзсіз. Кітап арнайы мамандармен қатар, қалың көпшілікке де арналған, деп атап өтті Ж. Түймебаев.

ҚР Парламент Сенатының әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы А. Бижановтың айтуынша, кітапта осы жылдар ішінде өзіміз куә болған тарих көрсетілген. Елдің көшбасшысы, ҚР Президенті Н. Назарбаев тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап түбі бір түрік елімен арадағы ынтамақтастыққа ерекше көңіл бөлді. «Тұсауы кесіліп отырған кітап біздің ортақ тарихымыздың шежіресі болып табылады», деді сенатор.

ТР Үкіметтік Әділет пен даму партиясының бас хатшысы, парламенттік қазақ -түрік тобының төрағасы Халюк Ипек екі елдің тамыры мен мәдениетінің ортақ екендігін айта келе, бұл кітаптың қазіргі заман мен болашақ ұрпақ үшін маңызы зорын баса айтты. «Екіжақты байланыстардың бұған дейінгі даму уақытын Үлкен жолдың сатылары деп атауға болады»,- деп атап өтті Х. Ипек. Араласып, қарым қатынас жасап тұру - екі елдің де ортақ тілегі дей келе, ол өз сөзінде, осы үдерістің қозғаушы күші, негізгі қазығы ҚР Президенті Н. Назарбаев екенін айтып өтті. Ағайынды Қазақстан елінің көшбасшысы - түбірі бір түркі елдерінің бір бірімен бірігу идеясының авторы, Нахчыван үдерісінің нәтижелері осының заңды жалғасы.

М. Исен мырза бұған дейін орасан зор шаруаның жүзеге асқанын, алда одан да үлкен міндеттер тұрғанын атап өтті. Орталық Азия мен бүкіл Азия аймағы үшін ҚР Президенті Н.Назарбаевтың сыртқы саяси бастамаларының маңызы өте жоғары екені де әңгімеден тыс қалмады. Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жиыны, ядролық қауіпсіздік, G-Global - бұл қазақ елі бастап отырған бастамалардың кейбірі ғана. Кітап тарихи жағынан да, мамандарға, елшілерге арналған қолданбалы құрал ретінде де өте қызық әрі маңызды, деп атап өтті М. Исен

Сонымен қатар, сөз алған саясаткерлер, ғалымдар екіжақты байланыстардың даму маңыздылығын нақтылай кетті. Кітап ынтымақтастықтың жарқын дәлелі, ары қарайғы зерттеулердің темірқазығы болып табылады.

Қазақ және түрік тілдерінде жарық көрген, көркем суреттерге толы кітап дипломатия саласындағы мамандармен қатар, салатантты жиынның өзге де қатысушыларының қызығушылығын тудырды. Кітаптың бірнеше данасы Ұлттық кітапхана мен жиынға қатысушыларға тарту етілді.

Соңғы жаңалықтар