Орталық Азия медиафорумында заманауи БАҚ-тың басты проблемалары аталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Валдай» халықаралық пікірталас клубының даму және қолдау қоры басқармасының төрағасы Андрей Быстрицкий қазіргі заманғы журналистиканың басты проблемаларын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде ақпараттар дереккөзінің өте көп болуы және оларды еңсерудің мүмкін еместігі проблемаға айналып отыр. Шынайы аудитория өлшеміне қатысты да үлкен проблема бар. Оның қалай жұмыс істейтінін түбегейлі түсіне алмай жүрміз», - деді ол І Орталық Азия медиафорумы барысында.

Сонымен қатар ол жалпы медиа саласында проблема көп екенін баса айтты.

«Ең басты проблема - ақпараттар дереккөзінің көптігінен бағдар жасау қиынға түсіп отыр. Әртүрлі денңгейдегі медиалар арасындағы айырмашылық жойылып барады. Шартты түрде айтар болсақ, қандай да бір журнал салмақты дүние жазса, енді бір газет кеше ғана әріп таныған, ештеңе білмейтін адам да жеңіл оқи алатын мақала басады», - деді Андрей Быстрицкий.

Осы осы орайда спикер мұндай жағдайда не істеуге болады деген сауалға жауап беруге тырысты.

«Мұндай жағдайда бір нәрсе жасауға бола ма? Біршама болады. Дегенмен, нақты дайындау әдісі болмағанымен қандай да бір құралдары бар. Ақпаратты барынша қысқа немесе орайлы жазуға тырысу керек. Түрлі әдістер ойлап табуға болады. Жалпы, сараптамалық ақпаратты қолданатын адамдардың міндеті - бағдарламасына қызығушылықты арттыру, аудиториясын ұлғайту. Ал бұл ақпаратты шығаруға және түсінуге тырысатын адамдардың міндеті – шынайы жағдайда не болып жатқанын түсінікті тілде жеткізу. Алайда, бүгінде жауаптан сауал көп», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар