Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.93 EUR 423.00
RUB 5.87 CNY 54.82
Jańalyqtar

Орталық Азия климаттың өзгеруінен 500 млн доллар шығынға батады

2019 жылғы 17 мамыр 13:18 348
Бөлісіңіз:
Орталық Азия климаттың өзгеруінен 500 млн доллар шығынға батады

 НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Орталық Азияда 2050 жылға қарай климаттың өзгеруінен келетін шығын 500 млн доллардан асып жығылады. Бұл туралы бүгін XII Астана экономикалық форумы барысында «Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрайымы Айгүл Соловьева  айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азия даму банкі сарапшыларының мәліметінше, Орталық және Батыс Азияда климаттың өзгеруінен келетін болжамды шығын мынадай болмақ: Орталық Азиядағы климаттың өзгеру әсерінен орын алатын орташа  шығын 2010 жылы шамамен жылына 1,5 млн долларға бағаланса, 2050 жылға қарай жылына 547 млн, ал 2100 жылы 1,796 млн долларға артатыны күтіледі», - деді ол «Орталық Азия мен Қазақстандағы тұрақты «жасыл» өсімді қамтамасыз етудегі халықаралық ынтымақтастықты дамыту» тақырыбындағы сессия барысында. 

Оның атап өтуінше, Қазақстан соңғы жылдары жасыл экономика, жасыл энергетика саласында айтарлықтай тәжірибе жинақтады және онымен өңірдегі көршілерімен бөлісуге дайын.

«Тәжірибеміз Орталық Азия елдерінің үкіметтік емес ұйымдары үшін де қызықты әрі тартымды. Біз олармен Орталық Азияның жасыл экономика және тұрақты даму хабын құру мүмкіншілігін талқылауға кірістік. Өңір үшін «жасыл» ынтымақтастықтың маңызы неде? Кәсіпкерлерді тартпай, экологияға бағдарланған бизнесті дамытпай, жасыл технологияларды, жасыл қаржыландырудың құқықтық тетіктерін таратпай Орталық Азия елдерінің ортақ экологиялық, су және азық-түлік проблемаларын шешу мүмкін емес», - деді А.Соловьева.

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
MURAǴAT