Орталық Азия елдерінің президенттері Өзбекстан басшысының қабылдау шарасына қатысты

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары ресми қабылдауға қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Өзбекстан Республикасы президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Орталық Азия мемлекеттері басшыларының құрметіне Өзбекстан Республикасы Президентінің атынан ресми қабылдау ұйымдастырылды. Қабылдауға қатысушылар арасындағы сұхбат Консультативтік кездесу аясындағы ой алмасулардың логикалық жалғасы болып отыр.

Еске сала кетсек, Елбасының қатысуымен Ташкентте Орталық Азия мемлекеттері басшыларының екінші консультативтік кездесуі өз жұмысын бастаған болатын.

Жиын барысында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Ташкентте Орталық Азия мемлекет басшылары Консультативтік кездесуінің Құрметті төрағасы мәртебесі берілді.

Мирас Қуандықов

Соңғы жаңалықтар