Орталық Азия елдеріндегі сайлау учаскелері өз жұмысын бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауында Орталық Азия елдерінде орналасқан сайлау учаскелері есігін ашты. Қырғызстан, Түрікменстан және Тәжікстанда дауыс беру басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бішкектегі №264 сайлау учаскесі жұмысын бастады.

Ашғабадта №266 сайлау учаскесі, Душанбеде №272 сайлау учаскесі өз жұмыстарын бастады.

Бұған дейін Өзбекстанда дауыс беру басталғанын хабарлаған болатын.

Соңғы жаңалықтар