+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Орталық Азия елдері Сырдария бассейнінің су шаруашылығы балансын қайта қарауы мүмкін

2021 жылғы 2 сәуір 12:12
Бөлісіңіз:
Орталық Азия елдері Сырдария бассейнінің су шаруашылығы балансын қайта қарауы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сардоба апатынан кейін Қазақстан Сырдарияның басындағы елдерге өзен бассейнінің су шаруашылығы балансын жасауды ұсынып, хат жолдаған болатын. Әзірге бұл ұсынысты Тәжікстан мен Өзбекстан қолдап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Экология, геология және табиғи ресрустар министрлігіне жолданған сауалдың жауабында бұл істің қазір қандай сатыда тұрғаны баяндалған.

Вице-министрі Серік Қожаниязовтың айтуынша, Сырдария өзенінің бассейнінде орналасқан елдердің нақты қанша су алатынын, сондай-ақ жаңа су шаруашылығы объектілерінің (су қоймаларының, су тораптарының, каналдардың және т. б.) өзен ағысына әсерін анықтау мақсатында қазақстан тарапы Сырдария өзені бассейнінің су шаруашылығы балансын жасау туралы бастама көтерген.

«Ресми түрде Өзбекстан Республикасына, Тәжікстан Республикасына және Қырғыз Республикасының уәкілетті органдарына ұсысын жіберілді. Өзбек және тәжік тараптары қазақстандық тараптың Су шаруашылығы балансын әзірлеу жөніндегі ұсынысын ресми түрде қолдады. Қазіргі уақытта бұл мәселе қырғыз тарапымен пысықталуда. Су шаруашылығы баласын әзірлеу барысында Өзбекстан аумағында қанша су қоймасы салынғаны және олардың техникалық сипаттамалары анықталатын болады», - дейді ведомство өкілі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT