+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Орталық Азия елдері арасында Қазақстанның урбандалу деңгейі жоғары

2019 жылғы 3 желтоқсан 09:39
Бөлісіңіз:
Орталық Азия елдері арасында Қазақстанның урбандалу деңгейі жоғары

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Урбандалу деңгейі жоғарылаған сайын халықтың табысы да жоғары болады.

Ұқсас жаңалықтар
Арқалық қаласында бірнеше буынға жалғасқан полицейлер отбасы тұрады Көкшетауда науқас қызға көмектесу үшін қайырымдылық концерті өтті Қазақстанның әуе компаниялары 10 айда 7,1 млн жолаушы тасымалдаған

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын таныстырған Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде 17 өңірде 87 қала мен 6,5 мың ауыл бар. 2015 жылдан бастап урбандалу деңгейі 58,2 процентке дейін өсті. Миллион тұрғыны бар қалалар саны 3-ке жетті. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 18 ірі қалада 1,5 есе артты. «Қазақстан-2050« стратегиясы және Қазақстан Республикасын 2025 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспары аясында өңірлік саясат басымдығы басқарылатын урбандалуды қамтамасыз ету болып саналады», - деді министр.

Оның атап өтуінше, жаңа бағдарламада елдің дамуы үшін маңызды институционалдық жағдайлар айқындалған. Бұл – экономикалық өсу «орталықтарын» қалыптастыру, өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, барлық өңірлерде базалық өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету.

«Бағдарламаны әзірлеудің негізі өңірлердің экономикалық бәсекеге қабілеттілігін арттыру және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша Елбасы және Мемлекет басшысының тапсырмалары болып саналады. Бүгінде әлемдік жалпы ішкі өнімнің 70 пайызы ірі қалаларда құрылады. Бұл – жаһандық тренд. Ресурстар мен инфрақұрылымды шоғырландыру арқылы ғана жоғары экономикалық өсімге қол жеткізуге болады», - деді Р.Дәленов.

Министрдің айтуынша, елдердің бәсекеге қабілеттілігі заманауи ірі қалалардың болуымен айқындалады. Урбандалу шикізаттық емес жалпы ішкі өнімді арттырады.

«Орталық Азия елдері арасында Қазақстанның урбандалу деңгейі ең жоғары – 58,2 пайыз. Алайда ол Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдеріне қарағанда төмен. Ол елдерде бұл көрсеткіш 77 пайызы құрайды. Урбандалу деңгейін 1 пайызға арттырғанда жалпы ішкі өнімнің өсімі 0,12 пайызға жетеді. Сәйкесінше, урбандалу деңгейі жоғары болған сайын халықтың табысы да жоғары болады», - деді ол.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT