Орталық Азия елдері 170 млрд доллар инвестиция тарта алады - СІМ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Халықаралық қауымдастық Орталық Азияны инвестиция салуға ең әлеуетті өңірлердің бірі ретінде мойындап отыр. Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев «Орталық Азия-2030: Болашақтың келбеті» атты сарапшылар кездесуінде осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сонымен бірге Орталық Азия инвестиция салуға ең әлеуетті өңірлердің бірі ретінде мойындалып отыр. Халықаралық бағалауларға сүйенсек, алдағы 10 жылдың ішінде өңірдің тікелей шетелдік инвестиция тарту мүмкіндігі 170 млрд долларға дейін жетуі мүмкін. Оның ішінде экономиканың шикізаттық емес саласына 80 млрд долларға дейні инвестиция тартуға болатыны айтылып жүр. Біздің бағалауымызша, мұның бәрі елдеріміздің бесжақты өзара байланысын дамытудың маңызы жоғары екенін көрсетеді», - деді министрдің орынбасары.

Вице-министр былтыр әлемнің жетекші елдері «Орталық Азия+» форматындағы кездесулер өткізуге ерекше қызығушылық танытқанын атап өтті.

«Өткен жылдың өн бойында әлемдегі жетекші елдердің «Орталық Азия+» форматында өзара тиімді әріптестік пен байланыс орнатуға деген қызығушылығы күрт өскенін көрдік. Былтыр Жапония, Оңтүстік Корея, Германия, АҚШ, Үндістан, Қытай, Ресей, мемлекеттерініңе Еуропалық Одақтың, Парсы шығанағындағы араб елдерінің қатысуымен бірнеше ауқымды шаралар өтті. Бұл шаралар тұтас өңірдің бейбітшілік пен тұрақтылықты, азық-түлік қауіпсіздігін тату көршілік пен өзара қолдау рухында қамтамасыз етудегіғ Ауғанстан мәселесін реттеудегі және Еуропа мен Азия арасындағы балама көлік дәліздерін қалыптастырудағы, есірткі айналымына рейдтер жүргізудегі маңызы артып келе жатқанын көрсетті», - деді Ермұхамбет Қоныспаев.


Соңғы жаңалықтар