Орталық атқарушы орган басшыларының халықпен кездесулері жаңа тәртіпте жүргізіліп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров орталық атқарушы органдар басшыларының жарты жыл ішінде халықпен кездесулеріне талдау жасалғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы мемлекеттік органдардың азаматтармен диалогын күшейту үшін жыл сайын халықпен тұрақты кездесу өткізуді тапсырды. Бұл - «Жаңа Қазақстанды» құру жолындағы басты қадамдардың бірі. Биылдан бастап орталық және жергілікті атқарушы орган басшыларының өңірлерге барып, халықпен жүзбе-жүз кездесу өткізудің жаңа тәртібі жүзеге асып жатыр. Президенттің «Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулер өткізу туралы» Жарлығы қабылданды», - деді А. Омаров.

Осы орайда министр мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде 2022 жылға арналған орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулер кестесі жасалғанын айтты.

«Сонымен қатар, министрлік халықпен кездесулер өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірледі. Олар бұйрықпен бекітіліп, мемлекеттік органдардың назарына жеткізілді. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен орталық атқарушы органдар өзара жедел іс-әрекеттер жасау үшін WhatsApp мессенджерінде топтық-чат құрылды. Мұнымен қоса, Жарлық талаптарын ескере отырып, мемлекеттік органдардың халықпен өткізген кездесулері бойынша ақпарт ұсынудың бірыңғай формасы әзірленді», - деді ведомство басшысы.

Орталық атқарушы органдар басшыларының жарты жыл ішінде халықпен кездесулерін талдай отырып тиісті қорытынды жасалды. Орталық атқарушы органдар өңірлерде кездесулер ұйымдастырудың алдында осы аймақ азаматтарынан келіп түсетін өтініштерге талдау жүргізеді. Танымал әлеуметтік желілер мен БАҚ-та шыққан, азаматтарды толғандыратын мәселелер есепке алынады. Кездесулер шамамен орташа 500-ге дейін адам қатысқан, кездесулердің ұзақтығы 3 сағатқа дейін созылған, сондай-ақ кездесулер уақытының 75 пайызы сұрақ-жауапқа арналған.


Соңғы жаңалықтар