«Ортақ түрік тариxы» оқулығы Түркі кеңесіне мүше елдерде толық оқытыла бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшылары Саммитінің шешіміне сәйкес Халықаралық Түркі академиясы (International Turkic Academy) әзірлеген 8-сыныптарға арналған «Ортақ түрік тариxы» оқулығы Түркі кеңесіне мүше елдерде толық оқытыла бастады. Бұл туралы Халықаралық түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Фейсбуктегі парақшасында хабарлады.

«Бішкекте өткен тамырлас елдердің Білім министрлері жиынында мақұлданғаннан кейін оқулық бауырлас елдердің мектеп бағдарламаларына тегіс енгізілді. Әзербайжанда және Түркияда »Ортақ түрік тариxын« таңдаулы пән ретінде оқитын оқушылар саны күннен-күнге артып келеді. Қазақстанда Назарбаев интеллектуалды мектептерінде сыннан өткен оқулық биылғы оқу жылынан бастап барлық мектептердің 8-сыныптарында таңдаулы пән ретінде оқытыла бастайды» делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Халықаралық түркі академиясының президенті терең тариxымыздың түп-тамырларына жетелейтін тағылымды пәнді таңдау арқылы балалар өткеннің өнегесіне үңіле түседі деп ойлайтынын жеткізген.

«Ғылым» баспасынан шыққан оқулықты Түркі академиясынан алуға болады.

Соңғы жаңалықтар