Ортақ мүлікті басқарудың жаңа түріне көшпеген пәтер иелері қандай жеңілдіктерден қағылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық пәтер иелері ортақ мүлікті басқарудың жаңа түріне көшпеуге құқылы. Бірақ онда жаңа заң ұсынатын бірнеше жеңілдіктен қағылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрбек Серіков осындай мәлімет айтты.

«Егер ортақ мүлікті басқарудың бұрынғы нысаны пәтер иелерінің көңілінен шығып тұрса, мүлік иелері бірлестігін құру міндетті емес. Бірақ мынаны айта кету керек. Заң аясында пәтер иелеріне ортақ мүлікті басқарудың нақты бір формасын, мүлік иелері бірлестігін немесе жай серіктестікті таңдауға 1 жыл уақыт берілді. Бұл мерзім өткеннен кейін жиын өткізіп, осы екі нысанның бірін таңдау керек болады. Егер пәтер иелері кооперативі тиісті құжаттарды бермей қасарысса, тұрғын үй инспекциясы арқылы сотқа шағым бере отырып мәжбүрлі түрде таратуға болады», - деді компания өкілі.

Ол,сондай-ақ, пәтер иелері ортақ мүлікті басқарудың қандай да бір түрін таңдай алмаса, жаңа заңда көзделген бірқатар артықшылықтардан айырылуы мүмкін екенін еске салды.

«Мүлік иелері бірлестігі мен жай серіктестікке Біріккен пәтер иелері тұрғын үй инфрақұрылымына жеңілдетілген шарттармен «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы арқылы күрделі жөндеу өткізе алады. Жедел сатыны ауыстыруға да осындай жеңілдік бар. Сондай-ақ, әкімдік басқарудың жаңа түріне көшпеген тұрғын үйдің қасбеті мен шатырын бірыңғай сәулеттік келбетке келтіру үшін қаржы бөле алмайды. Мүлік иелері бірлестігі мен жай серіктестікте осындай артықшылықтар бар. Сондықтан пәтер иелері бәрі бір осы басқару формасының бірін таңдауы керек», - деді Нұрбек Серіков.


Соңғы жаңалықтар