Ортақ іске өз үлесімді қосамын- қатардағы сарбаз

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат -Жастар жылына қатысты Оралдағы 5517-әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Абылай Берді өз пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, биылғы Елбасы Жолдауының мән-маңызы ерекше. Тарихи құжат елдің бүгіні мен болашағын айқындап бергендей.

Мемлекет басшысы, әсіресе, жас буын өкілдеріне қажетті бағдарламалар мен бастамаларды ұсынып, алдағы жылды жастар жылы деп бекітті.

«Осы орайда, біздің ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5517-әскери бөлімінің жас сарбаздары да Елбасының бастамаларын қолдап, оны орындауға күш-жігерлерін жұмсайды. Өз басым, бұйырса, биыл желтоқсан айында Отан алдындағы әскери борышымды өтеп, елге оралып, мамандығым бойынша еңбек етіп, қажыр-қайратым мен білімімді жарқын іс, жаңа бастамаларға арнайтын боламын. Жастар жасампаз еңбек жолына түскенде ғана қоғамды алға бастыра алады. Жаңа заман тәуелсіз ел жастарынан жаңашылдықпен еңбек етуді талап етіп отыр. «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың мемлекетін нығайтып, көркеюі жолында теріңді төгіп, еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа», - деген болатын Елбасы бір сөзінде. Осыдан артық қандай арман-мақсат болуы мүмкін, біз де ортақ іске өз үлесімізді қосатын боламыз», деді Абылай Берді. 

Соңғы жаңалықтар