Ортағасырлық Сауран қалашығында тұңғыш рет экспедициялық фестиваль өтеді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістандағы Сауран қалашығы маңында тұңғыш рет «THE SOUL OF NOMADS» фестивалі өтеді. Жеті күнге жоспарланған фестиваль барысында тарихы терең Түркістан мен Сауран жайлы мол мағлұматтар беруге арналған көптеген шаралар қолға алынбақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық және шетелдік әншілердің қатысуымен өтетін шара ХІІІ-ХVІІІ ғасырларға тән Сауран қалашығын насихатта мен онда туристерді көптеп тартуға ықпал ету мақсатында ұйымдастырмақ. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты қалашықта өтетін ауқымды фестивальді өткізуді «NOMAD» туристік экспедициясы қолға алып отыр. «Оңтүстік аңыздары» жобасы аясында ұйымдастырылатын экспедициялық фестивальдің гала-концерті 25-26 сәуірге жоспарланып отыр. Оны тамашалауға 5 мыңға тарта көрермен шақырылмақ. Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, сахна Сауран қалашығы бейнесінде жасалынады. Экспедициялық концерттің тартуы ретінде тарихи қалашық маңына жүргінші жолдар мен мыңдаған тал көшеттері отырғызылмақ. Ал, концерт алаңының құрылысын «BI Group» құрылыс компаниясы жүргізеді деп күтілуде.

Айта кетейік, ортағасырлық Сауран қаласы Түркістан қаласынан солтүстік-батысқа қарай 46 шақырым жерде орналасқан. Сауран қалашығы - Республикалық маңызы бар ескерткіш саналады. Қазіргі таңда тарихи қала қорған қамалмен қоршалған. Қаланың қақпалары мен бұрыштарына 7 қорғаныс мұнарасы тұрғызылған, қамалының ұзындығы - 2 360 метрді құрайды. Қамалдың сыртында тереңдігі 1-3 метр, ені 15-20 метр болатын ор іздері сақталған.

null

null

null

Соңғы жаңалықтар