Орта салмақ монстры: DAZN Головкин туралы жаңа промо-ролик жариялады

НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат- DAZN стриминг сервисі IBF/IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (40-1-1,35КО) келесі жекпе-жегіне арнап жаңа промо-ролик дайындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Промо-ролик DAZN стриминг сервисінің Instagram парақшасында жариаланды.
«Орта салмақ монстры, GGG бір минуттың ішінде» деп жазды стриминг сервис.
Видеода қазақстандық боксшының рингтегі жарқын сәттері көрсетіліп, танымал комментаторлар мен бокс сарапшыларының мақтау сөздерінен үзінді келтірілген.
Айта кетейік, IBFжәне IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) 18 желтоқсанда IBF титулының міндетті қарсыласы поляк боксшысы Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) жұдырықтасады.
Жекпе-жек АҚШ-тың Флорида штатындағы Hard Rock Hollywood казино-қонақүйінде өтеді. Сондай-ақ, бокс кешінің андеркартында Ахмедов бастаған 6 жұп өнер көрсетеді.
- Түркістан облысында қарлы бораннан жолдар жабылып, көктайғақтан көліктер соқтығысты
- Олимпиада: Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасының ширек финалдағы қарсыласы анықталды
- Жапония Олимпиаданың 2032 жылға ауыстырылатынын жоққа шығарды
- Футбол: «Ақтөбе» футбол клубына жаңа бас бапкер тағайындалды
-
Хоккей: «Барыс» мәскеулік «Динамоны» жеңді
-
Конькимен жүгіруден Әлем кубогіне қатысатын қазақстандықтар анықталды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам