Орта мектеп мұғалімдері тамыз айында жұмыс берушілердің жоғары сұранысына ие болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Электрондық еңбек биржасының деректеріне сәйкес, тамыз айында жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер 57,5 мың түйіндеме мен 113,1 мың бос жұмыс орны жөнінде хабарлама орналастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігіне сілтеме жасап.

Шілдемен салыстырғанда түйіндеме саны 20%-ға, ал бос орындар туралы хабарландыру саны 38%-ға артты. Жаңа оқу жылы қарсаңында Алматы (+130%), Жамбыл (+142%) және Маңғыстау (101%) облыстарында жоғары білікті мамандардың, әсіресе орта мектеп мұғалімдері бос орындарының айтарлықтай өсуі байқалады.

Тамыз айында кәсіби мамандар арасында белсенділіктің артуы байқалды. Мәселен, өткен аймен салыстырғанда бос орындар саны 135% - ға (+16,7 мың бірлік), ал түйіндеме 71% - ға (+21,2 мың) артты. Сонымен қатар, бұл топ арасында ең көп сұранысқа ие шет тілдері (+1,8 мың), орыс тілі мен әдебиеті (+1,7 мың), сондай-ақ бастауыш сынып пен математика (+1,2 мың) мамандықтары болды.

Сонымен қатар, ізденушілер арасында орта мектеп, оның ішінде шет тілі (+1,4 мың), бастауыш сынып (+844), дене шынықтыру (+810) және қазақ тілі (+725) мұғалімдерінің түйіндемелері санының өсуі байқалады.

«Өткен айда ұсыныс жоғары білікті кадрлардың белгілі бір мамандықтарына деген сұранысты ішінара қанағаттандырды және осы салада кейбір мамандардың тапшылығы және басқалардың артық болуы қалыптасты. Мысалы, жұмыс іздеп жүрген дене шынықтыру және спорт мұғалімдері талап етілгеннен көп болды – 1 269 түйіндемеге 805 бос жұмыс орны, ал 1 180 түйіндемеге қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің 788 бос орны ғана келді», – деп атап өтті ҚР Еңбекмині «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Басқарушы директоры Александра Молчановская.

ЭЕБ-дағы түйіндемелер мен бос жұмыс орындарының санын салыстыру белгілі бір мамандану мұғалімдерімен қатар нарықта қызмет көрсету және сату саласындағы қызметкерлердің тапшылығы бар екенін көрсетті.

Мысалы, тамыз айында күзетші (399 түйіндемеге 2 189 бос орын), сатушы консультант (171 түйіндемеге 1 169 бос орын), кассир (139 түйіндемеге 910 бос орын), аспаздар (500 түйіндемеге 1 255 бос орын), сондай-ақ тәрбиеші көмекшісі (271 түйіндемеге 1024 бос орын) көбірек сұранысқа ие болды.

«Ұлттық халық санағын өткізудің басталуы аясында тамыз айында сауалнама жүргізу бойынша сұхбат алушылар ең көп сұранысқа ие болды: 2 560 бос орынға тек 8 түйіндеме ұсынылды», – деп атап өтті Александра Молчановская.

Бұған қоса, белгілі бір мамандық мұғалімдерімен қатар, шілде айындағыдай, басқа білікті қызметкерлердің арасында заңгер, бақташы, фельдшер және қаржыгер болды. Біліктілігі жоқ жұмыскерлер ішінен елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру бойынша қызметкерлер аз сұранысқа ие болды, алайда мектеп тазалаушы арасында (241 түйіндемеге 1 013 бос орын) және аула сыпырушы арасында (523 түйіндемеге 1159 бос орын) жоғары сұранысты атап өтуге болады.

Жалпы, біліктілік топтары тұрғысынан алғанда, алдағы егін жинауға байланысты ауыл шаруашылығы жұмыстарының қызуына қарамастан, фермерлер мен ауыл шаруашылығының өзге де жұмыскерлері арасында жалдау 17% - ға, сондай-ақ өндірістегі операторлар арасында (-1%) қысқарды. Бұл ретте біліктілігі жоқ жұмыс еңбегіне деген сұраныс алдыңғы айлардағыдай барлық жарияланған бос орындардың төрттен бір бөлігі, олардың арасында бос жұмыс орындарының, атап айтқанда, қосалқы жұмысшылар үшін (+2,1 мың адам) айтарлықтай өсуі байқалады. Бұл ретте бос жұмыс орындарының саны ең көп Қызылорда (+142%), Батыс Қазақстан (+81%) және Алматы облыстарында (+76%) өсті.

Орналастырылған түйіндемелерге келетін болсақ, олардың барлық біліктілік топтарындағы, сондай-ақ бос жұмыс орындарындағы санының артуымен қатар, ауыл шаруашылығымен айналысатындардың (-24%), өнеркәсіп жұмысшыларының (-11%) және біліктілігі жоқ жұмысшылардың (-5%) арасында жұмыс іздеушілердің қысқаруы байқалады. Өңірлік бөліністе ізденушілер арасында белсенділік оңтүстік өңірлерде – Алматы қаласында (+48%), Алматы (+40%), Қызылорда (+46%), Жамбыл (+41%) облыстарында, сондай-ақ Маңғыстау облысында (+44%) өскені байқалады.


Соңғы жаңалықтар