Орта бизнесте жұмыс істейтін қазақстандықтар саны 5 млн адамға жетеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың 2030 жылға арналған стратегиясы аясында салада жұмысістейтіндердің санын 5 млн адамға жеткізу көзделіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов осындай дерек келтірді.

«Тұжырымдаманы іске асыру 2030-шы жылға қарай осы салада жұмыс істейтіндердің санын 5 миллион адамға дейін ұлғайтуды қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, 2030-шы жылға қарай жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесін 40%-ке, жалпы ішкі өнімдегі орташа компаниялардың үлесін 20%-ке дейін арттыруға мүмкіндік береді», - деген Үкімет басшысы

Оның айтуынша бұл стратегия азаматтарға кәсіпкерлік қабілеттерін іске асыруға жағдай жасайді.

«Ашық әрі адал бизнес жүргізгенде ғана аталған мақсаттарға қол жеткізу мүмкін болады»,- деді Әлихан Смайылов.

Аталған шарада Тимур Жақсылықов қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен шағын және орта бизнес нысандарының нақты санын атаған болатын.


Соңғы жаңалықтар