02:27 Риддер ЖЭО-дағы өрт: Жылыту маусымы аяқталғанға дейін орталықта өрт сөндірушілер кезекшілік етеді ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу электр орталығында жылыту маусымы аяқталғанға дейін өрт сөндірушілер кезекшілік етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
16.03.2023 11:56 Шығыс Қазақстанда өртенген үйден 3 адамның денесі табылды ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында өртенген үйден 3 адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
13.03.2023 15:23 Теміртауда газ баллоны жарылып, 5 бала ауруханаға түсті ТЕМІРТАУ. ҚазАқпарат – Теміртауда көпқабатты үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, салдарынан 7 адам, оның ішінде 5 бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
13.03.2023 10:44 Өрт қауіпсіздігі саласында қылмыс өршіп тұр АСТАНА. ҚазАқпарат – Осы жылдың қаңтар-ақпанында елімізде өрт қауіпсіздігі саласында 47 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Бұл 2022 жылдың екі айындағы көрсеткіштен 17,5 пайызға көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
11.03.2023 13:16 Ақтауда өртеніп жатқан үйден бала құтқарылды АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда өртеніп жатқан үйден 6 жасар бала құтқарылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
11.03.2023 11:18 Қызылордада тұрғын үйдегі өрттен 48 жастағы ер адам қаза болды ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында тұрғын үйдегі өрттен 48 жастағы ер адам қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
10.03.2023 18:56 Қарағанды облысында газ баллоны жарылып, екі көлік өртеніп кеткен ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері 14 рет құтқару жұмысына шықты. Өңір бойынша алты өрт ауыздықталды. Салдарынан бір адам көз жұмып, екі көлік толықтай жанып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
07.03.2023 21:10 Аустралияның шығыс жағалауында орман өртеніп жатыр СИДНЕЙ. ҚазАқпарат – Аустралияның шығыс жағалауында жалындап жатқан ондаған орман өрті аптақ ыстық тоқтамай жатқандықтан күшеюі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC News агенттігіне сілтеме жасап.
04.03.2023 12:41 Индонезияның жанармай станциясындағы өрттен 17 адам қаза тапты АСТАНА. ҚазАқпарат – Джакартадағы Pertamina мемлекеттік энергетика компаниясына тиесілі жанармай станциясында болған өрттен 17 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
02.03.2023 01:33 Оралда ГАЗель жүк көлігі жанып кетті ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында «ГАЗель» жүк көлігі жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
01.03.2023 08:20 Грекияда екі пойыз соқтығысып, 26 адам қаза тапты АСТАНА. ҚазАқпарат - Грекияның Лариса қаласының маңында жолаушылар пойызы мен жүк пойызы соғылып,16 адам көз жұмды. Тағы 85 адам зардап шект, деп хабарлайды ҚазАқпарт ERT NEWS жаңалықтар арнасына сілтеме жасап.
27.02.2023 23:10 Шығыс Қазақстанда өрттен көз жұмғандар саны 27 пайызға көбейді ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында биылғы жылыту маусымында өрттен көз жұмғандар саны 27 пайызға артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
23.02.2023 00:07 Қызылорда облысында өрттен 76 жастағы қария құтқарылды ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында тұрғын үйде болған өрттен 76 жастағы қария құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
22.02.2023 10:43 Ақтөбеде өрт шыққан мектептен 1 мыңға жуық адам эвакуацияланды АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласында №23 орта мектеп-лицейінен өрт шықты. Мектептегі 900-ден астам оқушы мен мұғалім эвакуцияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
21.02.2023 23:15 Атырауда полицейлер өртенген үйден 3 жасөспірімді шығарды АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау полицейлері өртенген үйден 3 жасөспірімді шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
21.02.2023 14:48 Астанада өрт шыққан үйден 125 адам эвакуацияланды, 3 бала ауруханада АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада көпқабатты тұрғын үйдің 2-ші қабаттағы пәтерден өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
21.02.2023 14:34 Қарағанды полицейлері жанып жатқан үйден газ баллонын алып шықты ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының полицейлері жанып жатқан үйден газ баллонын алып шықты, деп хабарлайды Polisia.kz.
17.02.2023 19:23 Өрт қаупі жоғары кезеңдерде қостанайлықтардың орманға баруына тыйым салынбақ АСТАНА. ҚазАқпарат – Қостанай облысында өрт қаупі жоғары кезеңдерде тұрғындардың орманға баруына тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы ашық талқыға шығарылған өңір әкімдігінің қаулысында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
14.02.2023 22:56 Шығыс Қазақстанда өртенген үйден 80-нен асқан екі әжей құтқарылды ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында өртенген үйден 80-нен асқан екі кейуана құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
14.02.2023 22:27 ШҚО-да жыл басынан бері 10-нан астам көлік өртенді ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында биыл 10-нан астам көлік отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.