Өрт жалмаған Калифорнияда ормандарды отау мәселесі көтерілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Калифорнияның үкіметтік емес ұйымдары билік органдарына осы штат аумағындағы ормандардың біршама бөлігін кесуді ұсынды. Мұндағы мақсат - табиғи өрттің тұтану мен таралуын азайту, деп жазады The Wall Street Journal газеті.

Олар қазіргі өрт ошақтарының дені қолдан отырғызылған ағаштар мен аумақтағы қалың өскен бұталар желісінде басым болып отырғандығына назар аудартады.

Сондай-ақ, табиғи апатқа ормандардың қалыңдығы, ағаш діңдерінен жерге құлаған томарлардың көптігі де себеп болып отыр. Қоршаған ортаны сақтау үшін орманды сақтаудың федеральдық ережесінде мұндай аймақтарды тазартуға тиым салынған.

«Бізге  ормандарды сирету керек. Біз ұзақ уақыт бойы олардың өсуіне мүмкіндік бердік», - дейді Калифорния орман шаруашылығы қауымдастығының басшысы Рик Гордон.

Еске сала кетсек, жұма күні Калифорнияның  солтүстігіндегі  Бьютт округінде аса ірі өрт салдарынан құрбан болғандар саны 71 адамға жеткен.

Ал із-түзсіз жоғалғандар шамамен 630 адамға көбейіп, жалпы саны 1 мыңнан асты.

Сондай-ақ бұған дейін  9,7 мың тұрғын үйді қосқанда 11,8 мың құрылыс нысаны өртеніп кеткен еді. 

Соңғы жаңалықтар