Өрт сөндіруші тікұшақ өрт сөндіріп жүріп апатқа ұшырады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аустралиялық Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының оңтүстік жағалауында өрт сөндіруші тікұшақ апатқа ұшырады. Бұл туралы 9news телеарнасы штаттың жедел көмек қызметіне сілтеме жасап мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

«Штаттың өрт сөндіру қызметі орман өрттерімен күресуге арналған тікұшақтарының бірі ұшыраған келеңсіз жағдайды растап отыр. Ол апатқа ұшыраған сәтте Шоалхейвен ауданында отқа оранған бұталарды сөндірумен айналысып жатқан», делінген жедел қызмет мәлімдемесінде.

Телеарнаның хабарлауынша, жедел жәрдем қызметі жергілікті уақыт бойынша сағат 14:15-те шақырту алған.

Бортта бір адам болған деп болжанып отыр.

Фото: rusonline.org

Соңғы жаңалықтар