Өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің отбасына үш бөлмелі пәтердің сертификаты табысталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Төтенеш жағдайлар министрі Юрий Ильин мен елорда әкімі Алтай Көлгінов өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің отбасына үш бөлмелі пәтердің сертификатын табыс етті. Пәтер демеушілік қаражат есебінен берілді, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Өрт сөндіруші Аян Кемпіровтың отбасына ипотеканы өтеуге көмек көрсетілетін болады.

Сонымен қатар, Асқар Забикулин мен Аян Кемпіровтың отбасыларына жалпы сомасы 6 миллион теңге болатын несиелерін өтеуге көмектесу туралы шешім қабылданды.

Астаналық өрт сөндірушілер батылдық танытып, бірнеше адамның өмірін сақтап қалды.

А. Забикулиннің денсаулық жағдайы ауыр, екінші науқас - орташа дәрежеде деп танылды.

Айта кетейік, елордада көпқабатты үйде өрт болып, 3 адам, оның ішінде 1 бала ауруханаға түсті.
Ал 3 адамды құтқарған астаналық өрт сөндіруші Асқар Забикулинді 80% күйік шалып, жансақтау бөлімінде жатыр. Сондай-ақ, оған достары көмек жинауда.Одан бөлек, Мемлекет басшысы ерлік көрсеткен және бірнеше адамның өмірін құтқарған елордалық өрт сөндірушілерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.

Фото:ДЧС


Соңғы жаңалықтар