USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Өрт салдарынан «АрселорМиттал Теміртау» домна пешін тоқтатты

2016 жылғы 12 желтоқсан 19:01
Бөлісіңіз:
Өрт салдарынан «АрселорМиттал Теміртау» домна пешін тоқтатты

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Теміртау қаласында «АрселорМиттал Темиртау» металлургиялық комбинатында қайнап тұрған шойынның төгілуі салдарынан ірі өрт болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Өрт салдарынан «АрселорМиттал Теміртау» домна пешін тоқтатты
Апат Индустриализация күнінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың телекөпір арқылы қатысуымен ашылған №4 жаңартылған домна пешінің жұмысында орын алған.

«8 желтоқсан күні сағат 22.01-де №4 домна пешінде балқытылған шойын тасымалданатын шөміштің жануы салдарынан болған. Қазіргі таңда тексеру жұмыстары жүргізіліп, ДП-4 уақытша тоқтап тұр. Өрт салдарынан кабель зақымданған», - деп баяндады оқиғаны компанияның баспасөз қызметі.

Зардап шегушілер жоқ. «Өрт қызметкерлер жұмыс жүргізбейтін аумақта орын алды», - деп қосты «АрселорМиттал Темиртау» баспасөз қызметі. Ірі апат түсірілген видео әлеуметтік желілерге тарап кетті. Куәгерлердің айтуынша, шөміштің жануы салдарынан аулаға қайнап тұрған шойын төгілген. Салдарынан кабель жанды. Отты бірнеше өрт сөндіру машиналары өшірген.

Еске сала кетейік, 7 желтоқсанда Индустрализация күні болған телекөпір барысында Мемлекет басшысы «АрселорМиттал Темиртау» АҚ №4 жаңартылған домна пешін іске қосқан еді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT