Өрт қаупі жоғары кезеңдерде қостанайлықтардың орманға баруына тыйым салынбақ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қостанай облысында өрт қаупі жоғары кезеңдерде тұрғындардың орманға баруына тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы ашық талқыға шығарылған өңір әкімдігінің қаулысында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Орман зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес жөніндегі авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдік іс-шараларды жүргізу кезінде, сондай-ақ орманда өрт қаупі жоғары кезеңдерде жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салынсын және орман пайдалану құқығы шектетілсін», - делінген қаулыда.

Құжат 2 наурызға дейін көпшілік талқылауда болады.

Еске сала кетейік, өткен жылы қыркүйек айында Қостанай облысына қарасты Әулиекөл ауданындағы орман алқабында алапат өрт болды. Бірнеше күнге жалғасқан тілсіз жау салдарынан 2 091 адам эвакуацияланып, 12 тұрғын түрлі жарақат алды.

Сонымен қатар, Аманқарағай ауылында 98 үй өртеніп кетті.


Соңғы жаңалықтар