+7 (701) 759 90 19
USD 427.22 EUR 519.71
RUB 5.78 CNY 66.52
Jańalyqtar

Өрт қаупі басым кезең басталғалы неше оқиға тіркелді - ТЖМ жауабы

2021 жылғы 5 мамыр 13:20
Бөлісіңіз:
Өрт қаупі басым кезең басталғалы неше оқиға тіркелді - ТЖМ жауабы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Істеліп жатқан жұмыстарға қарамастан, өрт қауіпті кезеңі басталғаннан бері елімізде 60 өрт тіркелді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Семейлік кәсіпкерлер Риддерге 16 млн теңге аударып, гуманитарлық жүк жіберді Қостанай облысында бұзылып қалған КамАЗ-дың кесірінен орман өрті тұтанды Риддерде әбден қалжыраған өрт сөндірушілердің видеосы көпшілікті елжіретті

«Елдімекендерді өрттен қорғау мақсатында ТЖМ-нің аумақтық бөлімшелері олардың өрт қауіпті кезеңге дайындығын тексеру, аумақтарды құрғақ өсімдіктерден тазарту, минералдандырылған жолақтар салу, мемлекеттік өртке қарсы қызметі жоқ елді мекендерде өртке қарсы ерікті құралымдардың және өрт сөндіру бекеттерінің бар-жоғын тексеру үшін бірлескен комиссиялар құрылды. Шамамен 4 мың км минералдандырылған жолақтар құрылылып, 1 362 елді мекен құрғақ өсімдіктерден тазартылды», - дейді Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов.

Оның айтуынша, еліміздің орман-дала алқаптарында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында белсенді түрде үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде.

«БАҚ-та өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша 1 384 баяндама жасалып, 1 мыңнан астам жиын, 146 дөңгелек үстел өткізіліп, 13,2 мыңнан астам адам (ауыл шаруашылығы өндірушілерімен, шаруа қожалықтарымен және орман алқаптарында тұратын тұрғындармен) қамтылды. Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, өрт қауіпті кезеңі басталғаннан бері орман қоры аумағында жалпы ауданы 16,7 мың гектар (Алматы – 16, ШҚО – 13, Қызылорда және Павлодар – 7, Ақмола – 5, Атырау – 4, Қарағанды-3, СҚО және Түркістан-2 және Ақтөбе облысы 1) және дала алқаптарының 445 жануы, шамамен 3 мың гектар болатын 60 өрт тіркелген», - дейді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT