Өрт екі адамның өмірін жалмады - Ақмола облысы

None
None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Атбасар қаласындағы жекеменшік үйлердің бірі отқа оранып, бір адам көз жұмды, деп хабарлады аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен.

Оқиға орнынан 1975 жылғы ер адамның денесі табылды. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ облыстық ТЖД жеке құрамынан 6 адам мен өрт сөндіру қызметінің 2 техникасы тартылды.

Сондай-ақ, өткен демалыс күндері Целиноград ауданының Қосшы елді мекеніндегі құрылыс вагонында болған өрт орнынан бір адамның мәйіті табылды.

Соңғы жаңалықтар