Өрт 2 күннен бері жалғасуда

None
None
ЫСТАМБҰЛ. Шілденің 19-ы. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/ - Түркияның Коджаели қаласының Гебзе ауданында ағаш өңдеу «Тевер Сунта» фабрикасындағы шыққан өрт 2 күннен бері жалғасуда.

Қазіргі таңда өрт апатына 100-ден аса өрт сөндіру көлігі мен 4 тікұшақ жұмылдырылды. Сондай -ақ, Ыстамбұл және Бурса қалаларынан да қосымша өрт сөндіру техникалары жіберіліп отыр.

Жалынның шарпыған аумағынан адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп,сол аймақтағы газ және электр жүйесі ажыратылды.

Өртті ауыздықтау барысында 3 өрт сөндіру қызметкерлері ауруханаға жеткізілді.

Фабрикадағы 32 тонна ағаш және ағаш өнімдері өртенуде. Тілсіз жау жақын маңайда орналасқан мекемелерге бет алып, 50 метр қашықтықта орналасқан темір жол жұмысының тоқтатылуына себепші болды.

Өрт сөндіру мамандары , аталмыш өрт апаты ауа райының ыстық болуына байланысты тағы да 2 күнге созылуын болжап отыр.

Соңғы жаңалықтар