Орнықты дамуға даярлану үшін экономиканы әртараптандыру жоспары шапшаң жүзеге асады - Үкімет басшысы

None
None
АНА. Қазанның 10-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  -Елімізді орнықты дамуға даярлау үшін біз экономиканы әртараптандыруға арналған жоспарларымызды шапшаң жүзеге асыратын боламыз. Бүгін «Қазақстан - 2030» стратегиясы: Қазақстан үшін жаңа 10 жылдық мүмкіндіктері мен перспективасы» атты конференция барысында жаңа онжылдықтағы бес негізгі бағытқа тоқталған ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов осылай мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Еліміздің экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру аса маңызды шаралардың бірі. Тек дамыған инфрақұрылымы мен мықты адами капиталы бар мығым экономика Қазақстанның қуатты мемлекетке айналуына көмектеседі. Елімізді орнықты дамуға даярлау үшін біз экономиканы әртараптандыруға арналған жоспарларымызды шапшаң жүзеге асыратын боламыз. Осыған байланысты, инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы энергетика салаларын, көлік пен телекоммуникацияны жаңартуға одан әрі бағытталатын болады. Өйткені, аталған салалар Қазақстанның экономикасын тиімді әртараптандыру үшін аса қажет», деді К. Мәсімов.

Сонымен бірге, Үкіметтің Елбасы тапсырмасына сәйкес бес жылдық кезеңге үдетілген инновациялық-индустриялық бағдарламаны әзірлеп жатқанын айтқан Премьер-Министр, бұл ретте тиімді әртараптандыру жұмысының ең алдымен қолайлы экономикалық жағдайларды талап ететінін айтып өтті.  «Макроэкономикалық саясатты жүргізу мен ғылыми зерттеулерге негізделген тиімді инновациялық жүйе орнатудың маңызы да зор. Үкімет те осы бағытта белсенді жұмыстар атқарады», - деді К. Мәсімов.

 

 

Соңғы жаңалықтар