Ормуз бұғазында британ мұнай танкері ұсталды

None
None
ТЕГЕРАН. ҚазАқпарат – Ормуз бұғазында Ислам Республикасы сақшыларының корпусы халықаралық теңіз ережелерін бұзғаны үшін британдық танкердің ұсталғанын хабарлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИРНА агенттігіне сілтеме жасап.

Британиялық Stena Impero мұнай танкері жұма күні түнде Хормозган провинциясының айлақ және теңіз ұйымының өтінішімен ұсталған. Оған халықаралық теңіз ережелерін бұзды деген айып тағылып отыр.

«Тиісті тексерулерді жүргізу үшін танкер жағалауға жеткізілді» делінген хабарламада.

BBC мәліметінше, Stena Impero танкері швециялық Stena Bulk компаниясына тиесілі. Ол Сауд Арабиясына бет алған. Бортында экипаждың 23 мүшесі бар.

Одан бөлек, Либерия туын қадап алған тағы бір кеме ұсталған. Дегенмен, ирандықтар Mesdar кемесіндегі экипажға қауіпсіздік туралы түсіндірген соң қоя берген.

«Мен Иран билігінің екі кемені ұстағанын естіп, қатты уайымдап отырмын», - деп мәлім етті Ұлыбритания ішкі істер министрі Джереми Хант.

Ол төтенше жағдайлар жөніндегі үкіметтік комитеттің отырысында (COBRA) осы жағдайды талқылайтынын айтты.

Иран төңірегіндегі жағдай 13 маусым күні Оман шығанағында екі танкерге шабуылдан кейін жарылыс пен өрт тұтанғанда ушыға бастаған. АҚШ бұл жағдайға жауапкершілікті Иранға артты, оны Ұлыбритания мен Сауд Арабиясы қолдады. Тегеран бұл айыптауды жоққа шығарды.

Соңғы жаңалықтар