Өрмекшіні құртам деп үйін өртеп жібере жаздады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Канзас штатының тұрғыны Джинни М. Гриффит үйінде қонақтап алған өрмекшілерді өртеп, көзін жоймақ болған, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.

Америкалық келіншек өрмекшілерден қорыққаны соншалық, үйінде бірнеше жерден өрт қойған. Абырой болғанда, үйден шыққан түтінді көрген көршілері дер кезінде өрт сөндірушілерді шақырып үлгерген.

Төтенше жағдай салдарынан жапа шеккендер жоқ. Алайда, 34 жасар келіншек заң алдында жауап беретін болады. Көршілері оны адамдардың өміріне қауіп төндірді деп айыптауда.

Соңғы жаңалықтар