+7 (701) 759 90 19
USD 432.23 EUR 506.79
RUB 5.45 CNY 64.44
Jańalyqtar

Орманшы мәртебесін көтеру мәселесі қаралып жатыр - Мағзұм Мырзағалиев

2020 жылғы 18 қазан 13:50
Бөлісіңіз:
Орманшы мәртебесін көтеру мәселесі қаралып жатыр - Мағзұм Мырзағалиев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев орман шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады. Жыл сайын қазан айының үшінші жексенбісінде атап өтілетін күн биыл 18 қазанға тура келіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қиындығы мен сан-түрлі тәуекелдеріне қарамастан, еліміздің орман қорын сақтап, жаңғырту табанды еңбек етіп келе жатқан азаматтар қандай құрметке де лайық. Себебі орман кешені - экологиялық қауіпсіздіктің кепілі»,- деп жазды ол Twitter парақшасында.

Министр қазір орманшылар мәртебесін көтеру мәселесі қаралып жатқанынан хабардар етті.

«Орманшылар - баға жетпес ұлттық байлығымызды қорғап, келер ұрпаққа жеткізушілер. Олардың зор еңбегін ескере отырып, біздің министрлік орманшылар статусын көтеру мәселесін қарастырып жатыр. Жасыл табиғатты аялау - әрқайсымыздың міндетіміз. Сондықтан барлық ел азаматтарын орман қорына ұқыпты қарап, оны қорғаушыларға қолдау көрсетуге, жұмыстарын бағалауға шақырамын»,- деді Мағзұм Мырзағалиев.

Еске салайық, орман шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі 2017 жылы ҚР Үкіметі қаулысымен бекітілген.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT