Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне жаңа басшы келді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Асхат Қайнарбеков Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап

Министрлік ұжымына комитеттің жаңа төрағасын Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев таныстырды.

Қайнарбеков Асхат Қанатұлы 1975 жылы 23 ақпанда туған, қазақ, білімі жоғары:

- 1997 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша;

- 2003 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті «экономика» мамандығы бойынша;

- 2006 жылы М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін;

- 2009 жылы Гарвард бизнес мектебін;

- 2016 жылы Колумбия университетін бітірді.

«Болашақ» бағдарламасының түлегі. Іскерлік әкімшілік шебері, экономика бойынша мемлекеттік басқару магистрі.

Еңбек жолын 1998 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Екінші департаментінің маманы болып бастаған.

1999 жылдың наурыз айынан 2001 жылдың қаңтар айына дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ТМД департаментінің референті, атташе, үшінші хатшысы лауазымдарында жұмыс істеді.

2001 жылдың қаңтарынан 2001 жылдың қыркүйегіне дейін -Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Екі жақты ынтымақтастық департаменті Еуропа және Америка Басқармасының екінші хатшысының міндетін атқарушы.

2001 жылдың қыркүйегінен 2002 жылдың қыркүйегіне дейін -Алматы облысы Талғар ауданы әкімінің орынбасары.

2010 жылдың сәуір айынан бастап 2018 жылдың қаңтар айына дейін Ақмола облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2018 жылдың қаңтар айынан бастап 2019 жылғы тамыз айына дейін - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.

Еске салсақ, бұған дейін Қайыр Рыскелдинов Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы қызметінен босатылғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар