Орман шаруашылығы мекемелерінің басшыларын аттестациялау керек - Мырзағалиев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Орман шаруашылығы мекемелерінің бірінші басшыларын аттестациялаудан өткізу керек. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өкінішке орай, браконьерлік фактілерінің жиілеуі салдарынан үш инспектор қаза болды. Заңсыз ағаш кесу де тоқтамай тұр. Осыған байланысты Ерлан Нұралыұлы мен Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Асхат Қайнарбековке «Охотзоопром» инспекторлық құрамы үшін браконьерлікпен күрес бойынша арнайы теориялық және практикалық оқу-жаттығу өткізуді жалғастыруды, «Өсімдіктер дүниесі туралы» заң жобасын әзірлеуді және қоғамның және мүдделі ұйымдардың қатысуымен белсенді талқылауды қамтамасыз етуді әрі осы жылдың соңына дейін Парламент Мәжілісіне енгізуді тапсырамын», - деді министр орынбасары Нысанбаевқа қарата.

Сонымен Мағзұм Мырзағалиев өңір әкімдіктерімен бірлесіп ормандарды шабуға және орман өрттерінің үлкен алаңдарға таралуына жол бермеу, табиғат қорғау мекемелерін техникалық жабдықтау жөнінде қосымша шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті. Ол сатылы жоспарларда көзделген көлемдерге сәйкес ормандарды молықтыруды жүзеге асыру міндет екендігін баса айтты.

«Құрметті әкімдердің орынбасарлары, вице-министр Ерлан Нұралыұлы атап өткендей, орман шаруашылығы мекемелерінің бірінші басшылары кадрлық құрамының 20 пайызы қолданыстағы біліктілік талаптарына сәйкес келмейді. Осыған байланысты, мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелерінің бірінші басшыларын аттестациялаудан өткізуді ұйымдастыруды сұраймын», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар