USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Орман шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі

2021 жылғы 29 қараша 16:15
Бөлісіңіз:
Орман шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі. Бұл жайында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Склярдың Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алдағы бес жыл депутаттар мен әкімдердің жалақысы өспейді - Президент Президент арнайы құрылым қызметкерлерінің жалақысын көтеруді тапсырды

«Республикалық бюджет жүктемесін төмендету, ормандарды қорғау мәселесінде жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін арттыру мақсатында 2002 жылы облыс әкімдіктерінің жедел басқаруына орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі 124 мемлекеттік мекеме берілген болатын. Қазіргі уақытта ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелерінің базасында жаңа орман шаруашылықтарының құрылуына байланысты облыс әкімдіктерінің қарауында 120 орман шаруашылығы бар. Оларға 22,6 млн гектар немесе мемлекеттік орман қоры жалпы аумағының 74,7 пайызы бекітілген», - деді вице-премьер жауабында.

Оның атап өтуінше, биыл БҰҰ даму бағдарламасы мен Жаһандық экологиялық қоры ормандарды басқарудың мақсатты сценарийіне сараптама жүргізген.

Сараптама қорытындысы аталған кезеңде облыс әкімдіктерінің қарамағына берілген орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің лайықты деңгейде дамымағанын көрсеткен.

«Осыған орай өкілетті мемлекеттік орган қазіргі қолданыстағы орман шаруашылығын басқару, жоспарлау және бюджет қаражатын бөлу тиімділігіне бағалау жүргізеді. Бұған қоса, Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес, Үкіметке осы жылдың соңына дейін азаматтық қызметшілердің ең төменгі жалақысын арттыру бөлігінде заңнамаға қажетті өзгертулер енгізуді қамтамасыз ету тапсырылған. Осыған байланысты қазіргі уақытта азаматтық қызметшілер лауазымы тізіліміне орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі қызметкерлерін қосу мәселесі қарастырылып жатыр», - деді Роман Скляр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT