Орман шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ерлан Құтпанбаев орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Конкурс қорытындысы бойынша Ерлан Құтпанбаев Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Бұған дейін ол Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары лауазымын атқарған.

Ерлан Құтпанбаев 1980 жылы 24 қаңтарда дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «Орман шаруашылығы инженері» мамандығы бойынша бітірген.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласында 2002 жылдан бастап жұмыс істейді, еңбек жолын орман шебері лауазымынан бастаған.


Соңғы жаңалықтар