Орман өртінен қашқан жабайы жануарлар адамдарды паналауда - ВИДЕО

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралияның оңтүстігінде орман өрті өршелене түсіп, ормандар мен шаруашылықтардағы жабайы жануарларға қауіп төндіруде. Қалталы аюлардың мекен ететін орны - эвкалипт ағаштарына да үлкен қауіп төніп тұр. Табиғи апаттан құтылудың жолын іздеген бұл жануарлар орманнан шығып, адамдардан пана іздеуде.

Оңтүстік Австралия штатында болып жатқан өрт бағытын үнемі өзгертіп тұратын жел екпінінің салдарынан екі есе қауіпті болып тұр. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды әлі ауыздықтай алмай отыр. Осыған байланысты полиция жергілікті тұрғындарға төтенше оқиға туралы ескерту жариялап, абай болуларын сұрауда.

Соңғы жаңалықтар