Орман өрті: Семей қаласында төтенше жағдай режимі жарияланды

None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семейде орман өртіне байланысты төтенше жағдай жарияланды. ҚазАқпарат бұл туралы Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағында (Батпаев орман шаруашылы 66, 67, 55, және 42-кварталдар) өрттің тұтануына байланысты Семей қаласының аумағында жергілікті ауқымда табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі жариялансын», - делінген Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың шешімінде.

Төтенше жағдайды жою бойынша штаб басшысы болып қала әкімінің орынбасары Рамиль Досмағанбетов белгіленді.

Айта кетейік, Абай облысының Бородулиха ауданында төтенше жағдай әлі де сақталуда.

«Семей» орманы резерватында өрт 8 маусым күні шыққан болатын. «Өрт найзағайдың 2 рет соғуынан шыққан. Өртті тез арада ауыздықтау мүмкін болмады, оған себеп «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты техникасы биік құм төбелері орналасқан аймаққа жете алмады», - деген болатын Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков.

Бүгін белгілі болғандай, орман өртін сөндірумен айналысып жатқан 14 маманмен байланыс үзілген. Қазір оларды іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар