+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Орхон ескерткішінің толық атласы жарық көрді

2020 жылғы 18 ақпан 18:41
Бөлісіңіз:
Орхон ескерткішінің толық атласы жарық көрді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада «Орхон ескерткіштерінің толық атласы» жұртшылыққа таныстырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

21 ақпанда Ұлттық академиялық кітапханада тарих ғылымдарының докторы, профессор Қаржаубай Сартқожаұлының «Орхон ескерткіштерінің толық атласы» атты кітабының тұсаукесері өтеді. Басылым үш томнан тұрады.

Атласта Еуразия Ұлы даласына үш ғасыр бойы билік жүргізген, өздерінің тарихын, дүниетанымын, даналығын, ой-санасын, болмысын, жазу өнерін, ел басқару жүйесін, ата дәстүрін өшпестей етіп тасқа қашап кеткен, өркениетке, адамзат мәдениетіне асыл қазына қосқан байырғы түріктердің мұралары түгел қамтылған.

Алтай, Орхон, Селеңгі, Керулен бойынан табылған Көк түрік империясы дәуіріндегі (500-900 жж) тас ұстынға 2000 жыл бұрын қашап жазған түпнұсқада тарих, тіл әдебиет (сөз өнері), сөз аспабы, байырғы архитектура және философиясы мен салт-дәстүрлерінің мұралары қамтылған.

Атласта Моңғолия-Чехия, Моңғолия-Түркия (TIKA), Моңғолия-СССР біріккен экспедицияларының, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті экспедициясының материалдары, сондай-ақ әлем түріктанушыларының ғасырдан астам уақыт жүргізген зерттеулерінің қорытындысы пайдаланылған.

«Атлас авторы байырғы түрік мәтіндерін қайта көшіріп, қайта оқыған, бұрынғы зерттеушілердің қателері түзетілген, түпнұсқа мәтінінің жаңа транскрипциясы, жаңа аудармасы жасалған, жаңа түсініктемесі берілген; жартылай көшпелі дәуірдің тарихи-мәдени мұралары атласта тегіс қарастырылып, олардың археологиялық сипаттамасы, планы, фото, сызба суреттері тұңғыш рет толық берілген», делінген хабарламада.

Атлас тілші, тарихшы, этнограф, археолог, философ, әдебиетшы және мәдениеттанушы мамандарға, сондай-ақ студенттерге, магистранттарға, аспиранттарға, ізденушілерге арналған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қазақстан тарихы,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT