+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Орхан Селен: Астана - жұлдыздай жарық қала

2018 жылғы 18 маусым 16:03
Бөлісіңіз:
Орхан Селен: Астана - жұлдыздай жарық қала

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Қазақстан астанасы Алатау бөктерінен Сарыарқа даласына ауысқанына тура 20 жыл толып отыр. Осы мәртебелі мерейтой қарсаңында ҚазАқпарат қазақтың бас шаһары жөніндегі елорда қонақтарының естеліктерін жариялауды жөн көріп отыр. Бүгін біз түркиялық «Анажұрт» газетінің колумнисі Орхан Селеннің Астана туралы толғанысын оқырман назарына ұсынамыз.

***

Орхан СЕЛЕН

«Анажұрт» газетінің колумнисі: Жұлдыздай жарық қала

Кеңес одағы ыдырағаннан кейін тәуелсіздікке қол жеткізген Қазақстанның осы жылдар ішінде көзге түскен басты ерекшелігі - барлық даму мен өзгерістерді қақтығыссыз, талас-тартыссыз, бейбіт түрде жүзеге асырып отырғандығы. Кейбір елдерде басқару жүйесі бір-ақ күнде ауысып, аяғы қанды қырғын мен саяси төңкеріске ұласып кетіп жатқан жағдайлар баршылық. Бей-берекетсіздіктің алдын-алу үшін қайсар рух, қайратты күш-жігер керек.

Қазақстан халқы 1991 жылдың 25 желтоқсанынан бастап таңдаулы тұлға, алғыр басшы Нұрсұлтан Назарбаевқа бірауыздан қолдау көрсетіп, ел бірлігі мен ынтымағын берік сақтап келеді.

Нұрсұлтан Назарбаев - мықты мемлекеттік қайраткер, әлемдік деңгейдегі дана саясаткер. Түркиялықтардың бауырлас мақтанышын етене танып, ұстанған саясатын дұрыс түсінуі жаһанданып жатқан дүние алдында ұлттық позициямызды күшейтуге мүмкіндік береді. Түркияға Қазақстанды, ұлт лидерін насихаттау мақсатында атқарып отырған менің жұмыстарым да уақыт өте келе өз нәтижесін көрсетері сөзсіз.

Небір нәубеттер мен қиын-қыстау замандардан аман-есен өтіп, талай тұлғасы ұлтты ұйыстыру жолында құрбан болған Қазақ елі тәуелсіздіктің ширек ғасырында Нұрсұлтан Назарбаевтың шебер басқаруымен қуатты халыққа, іргелі елге айналды. Бұған ешкімнің таласы болмауы тиіс. Қазақстанда таңғажайып дүниелер жасалды. Айрықша кереметтің бірі деп ұлы дала елордасы - Астананы бөліп айтар едім.

Жаңа қаланы өз көзіммен көрдім және армансыз араладым. Менің түйгенім, Астана - тек заманауи талапқа сай салынған шаһар ғана емес. Астана - Азия құрлығында дамып, әлемнің жарық жұлдызына айналған мемлекеттің бет-бейнесі екен. Жан-жағыңызға мұқият көз салсаңыз, Қазақстанның қаншалықты бай ел екендігін бағамдайсыз. Әр кірпіші жаңа технологиямен, тың әдіспен қаланған. Қала тұрғындарының саны бір миллионмен шектелмей, алдағы 25 жылда Азияның ең ірі әрі қуатты орталығы болуға мүмкіндігі бар.

Қаланың кең даңғылдары мен алаңдары, саябақтары мен демалыс орындары, жаздық сахналары мен жаяу жолдары және шаһарды екіге жарып, еркелей аққан Есіл өзені жанға жайлылық сыйлайды. Күн сайын қонақ үйдің оныншы қабатынан тамашалап, жұлдыздай жарық көрініске тоя алмадым. Самаладай оттар кемпірқосақ сынды түрлі түске ауысып, көзді арбады. Көңілге жылылық ұялатып, жан сарайымды нұрландырды. «Жарық шаһар - Астана» деген тіркес еріксіз тіліме оралды. Қазақстанның асқақ астанасы туралы әңгімелеу оңай болмаса да әсемдігі әлі күнге ерекше сезімге бөлейді.

Астана - қазақ тілінде «бас қала» деген сөз екен. Бұрынғы аты Акмолинск (Патшалық Ресей тұсында), Целиноград (Кеңес одағы кезеңі), кейін Ақмола деп өзгертілген. Жас болса да халықаралық талапқа сай шаҺардың «Астана» атануы символикалық маңызға ие.

Астананың ел ордасы ретінде таңдалуының үш маңызды факторы бар деп санаймын:

1. Тәуелсіздікке қол жеткізген азат мемлекет тарихқа жаңа бас қаламен енуді дұрыс көрді.

2. Бұрынғы астана - Алматы қаласы елдің орталығынан алыс жатты.

3. Ресей шекарасына жақын аймақтарда халықтың санын көбейту қажеттілігі туды.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев саяси даналығымен қатар, қала тұрғызу шеберлігін Астана тәжірибесі арқылы көрсетті. КСРО-ның бодандығынан босап, 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін жариялады. Айтуға оңай болғанымен, әміршіл жүйенің тырнағынан құтылу іс жүзінде жайдан-жай келе салған жоқ. 15 желтоқсанда коммунисттік партияның мүшесі болып, бір күннен кейін еркін нарықтық экономикаға көшу және осы процеске бейбіт түрде қол жеткізу әлеуметтанушылардың зерттеу нысанына ілігетін қызықты тақырыптың бірі екені сөзсіз. Өйткені бұл - тарихи мұғжиза, тосын құдірет. Алладан берілетін ерекше құбылыстың иесі - Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетерлігі, қазақ халқы бір ғана ұлттан құралмайды. Қазақтар, орыстар, немістер, өзбектер, татарлар, украин, ұйғырлар, басқа да этнос өкілдері татулықты ту етіп, өзара түсіністікпен өмір сүріп жатыр. Бұл этникалық әралуандық пен діни құндылықтарды саяси құрал ретінде қолдануға жол бермеген Елбасының үлкен жетістігі. Сондықтан Мемлекет басшысы ХХ-ХХІ ғасырдың көшбасшысы ретінде тарихта қалады.

Табыстың кілті, мұғжизаның құдіреті Қазақстан ішінде ғана айтылмай, бүкіл әлемге жетуі тиіс. «Оның не қажеті бар?» деген сұрақтың жауабы қаншалықты қарапайым болса, соншалықты маңызды. Егерде қалар болсақ, әртүрлі ұлттар мен сенімдер әділетті түрде кикілжіңсіз өмір сүре алатын көрінеді. Елбасы сарабдал саясаткер ретінде замана туғызған «жатсыну» ауруынан алыс болды, керісінше алысты жақындатты, жақынды бауырына басты. Терең ойы және жетістікке жетуге ұмтылған талпынысы арқылы мүмкін емес дүниені шындыққа ұластырды.

Жақында қазақ жері туралы жазған жазбаларымды жинақтап, «Ғаламның жарық жұлдызы - Қазақстан» деген атаумен кітап шығардым. Жаңылыспағаныма сенімдімін.

Көпті көрдім, талай жерді араладым...

Тек Қазақстанда және Астанада ғана бақытты күй кештім.

Орхан СЕЛЕН

«Анажұрт» газетінің колумнисі

***

Мақала Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің көмегімен дайындалды

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT