Органикалық ауыл шаруашылығын дамытудың жол картасы қайта келісуден өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Органикалық ауыл шаруашылығын дамытудың жол картасын қайта келісу рәсімі аяқталды. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Асыл тұқымды мал басын әкелуді субсидиялау тетігін енгізу есебінен аналық табынды жаңарту жүзеге асырылады. Өз өндірісіміздің көлемін арттыруды ынталандыру үшін өткізу нарықтарын кеңейту және экспортты ұлғайтуды ынталандыру қажет. Министрлік ауыл шаруашылығы шикізатының экспорты бойынша Қазақстан үшін негізгі елдерге өнімге ветеринарлық-санитарлық талаптарды шешу жөнінде келісу тұрғысында белсенді жұмыс жүргізуде. Қабылданған шаралар нәтижесінде ірі қара мал еті экспортының көлемін 37 пайызға дейін, қой етін 32 пайызға дейін арттыруды жоспарлап отырмыз», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, агроөнеркәсіп кешен өнімдері экспортының өсуін қазақстандық өнімнің бәсекелестік артықшылықтарын пайдалану арқылы арттыруға болады. Ал бұл оның экологиялық, сондай-ақ органикалық және халал өнімдерін өндіру, өңдеу мен сертификаттау жүйесін жолға қою қажет.

«Органикалық өнім өндіру туралы заң 2015 жылдың қараша айында қабылданды, бірақ әлі күнге дейін осы заңды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары жоқ. Министрлік мемлекеттік органдармен органикалық ауыл шаруашылығын дамытудың жол картасын қайта келісу рәсімін аяқтады», - деді С. Омаров.

Сонымен қатар ол елімізде халал өнімдерін өндіру саласында заңнама жоқ екенін атап өтті.

«Қазіргі уақытта халал өнімдерін өндіруді дамытудың жол картасын келісу аяқталуда. Келесі аптада осы бойынша Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде кеңес өтеді», - деді ведомство басшысы.

Соңғы жаңалықтар