«Орел и решка» бағдарламасы карантин режиміндегі Алматыны көрсетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Орел и решка» телебағдарламасының қазақстандық тілшілері арнайы репортаж түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы 60 жыл бойы Қазақстанның астанасы болған. 1998 жылы елорда Астанаға ауысты», - дейді бағдарлама жүргізушісі Иван Кващук.

«Метро мен қоғамдық көлік кешкі сағат 19:00-ге дейін ғана жұмыс істейді. Көріп отырғандарыңыздай, айналамызда ешкім жоқ. Бәрі үйлерінде отыр. Карантин тәртібін бұзғандарға айыппұл салынады немесе 15 тәулікке қамауға алынады», - дейді бағдарлама жүргізушісі Анжелика Фоминская.

Ол Алматыға келген турист «Медеу» мұз айдынына барса, міндетті түрде Шымбұлаққа көтерілуі керек екенін айтты.

«Карантин болғандықтан, бүгін биіктігі 3 200 метр болатын Шымбұлаққа жаяу көтерілеміз. Жаңа жыл мерекесіндегі демалыс кезінде бұл жерге күніне 9-11 мың адам келген. Ал қазір бұл жер бос тұр», - дейді ол.

Аталған бағдарлама биыл 18 сәуірде түсірілген.


Соңғы жаңалықтар