+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Ордабасының 55 жылдығы: Түркістандық көпбалалы отбасылар баспана алды

2019 жылғы 28 қазан 09:51
Бөлісіңіз:
Ордабасының 55 жылдығы: Түркістандық көпбалалы отбасылар баспана алды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданының құрылғанына биыл 55 жыл толып отыр. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан жергілікті халық айтулы күнді жоғары деңгейде атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүбірлі тойға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қатысты.


«Алтын күз» шарасынан бастау алған жиын халықаралық ақындар айтысына ұласты. Сөз зергерлері жарасымды әзілмен өлең өріп, Ордабасы тұрғындарына ақ тілектерін арнап жатты. Бұл күні сондай-ақ, ауылшаруашылық өнімдерінің, қолөнер бұйымдарының көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Ұлттық-мәдени орталықтардың «Достық» ауылы да келушілерге құшақ ашты. «Қазақ рухының қағбасы – Ордабасы» мерекелік шарасында түрлі бағдарламалар ұйымдастырылды. Тарихқа тұнған, тағылымы мол Ордабасы туралы ғылыми-танымдық конференция өтті. Көпшілікке «Күш атасын танымас» ұлттық спорт ойындары көрсетілді.


Аудан орталығы Темірлан қаласындағы Қажымұқан атындағы орталық стадионда өткен салтанатты шараға келген билік басшылары халыққа құттықтауларын жеткізді. Сондай-ақ Облыс әкімі Ө.Шөкеев Отырар ауданының 10 азаматын «Ауданға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен марапаттады. Бұдан бөлек, атаулы мерекеге орай аудан орталығы Темірлан елді мекенінде жаңадан бой көтерген тұрғын үйден көпбалалы және аз қамтылған 20 отбасыға пәтер кілттері табыс етілді.


Іс-шара ҚР эстрада жұлдыздарының мерекелік шеруімен жалғасты. Ал тарихы тереңінен сыр шерткен сахналық қойылым Ордабасы жерінің бар қасиеті мен киесін паш етті. Аттың құлағында ойнаған жігіттер, күміс көмей әншілер, күйшілер мен бишілер де бұл тойда аянып қалмады. «Ән мен әнші» эстрада жұлдыздарының концерттік бағдарламасы мерекенің шырайын ашып, Ордабасы жұртшылығына керемет көңіл-күй сыйлады. Ордабасылықтардың дүркіреткен бұл тойы мерекелік отшашумен аяқталды.













Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT