Ордабасылық отбасының шаңырағында үшем дүниеге келді

Фото: None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Ордабасылық отбасының шаңырағында үшем дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысының №1 облыстық перинаталдық орталығында үшем дүниеге келді. Ордабасы ауданының тұрғыны Мақпал Абдурахимова үш ұл босанды.

Жаңа туған нәрестелерге Мәулен, Мардан, Мансур есімдері берілді. Нәрестелердің салмағы 2030 гр, 1675 гр, 1700 гр болған. Мерзімінен ерте туылған үшемдер дәрігерлерінің бақылауында. Периниталдық орталықтың медицина қызметкерлері ана мен сәбилердің денсаулығын қадағалап отыр. Қазіргі жағдайлары жақсы.

Үшем дүниеге келген отбасында бір ұл бар. Көпбалалы ана - үй шаруасында отырған әйел, ал отағасы — жеке кәсіпкер.

Айта кетейік, бұл жыл басынан Түркістан облысында дүниеге келген екінші үшемдер. Яғни, 5 наурыз күні Түркістандық 33 жастағы Набат Садыкбекова есімді келіншек үш ұлды дүниеге әкелген болатын. Сәбилерге Омар, Осман, Мухамед-Али есімдері берілді.



Соңғы жаңалықтар